
Қала аудандары
Алатау – бұл жай ғана жаңа қала емес, Орталық Азияның, Кавказ бен Ресейдің шығыс бөлігінің ең ірі әрі ең ауқатты қалаларының бірі – Алматының «көршісі».
2025 жылы Алматы қаласында 2,3 миллион адам тұрады, Алматы облысын қоса алғанда, халықтың жалпы саны 3,8 миллионнан асады. Өңірдің жиынтық жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) – 73 миллиард доллар, ал Алматыдағы жан басына шаққандағы көрсеткіш – 26,4 мың долларға тең, бұл Шығыс Еуропа елдерінің ЖӨӨ деңгейімен бірдейі.
Бүгіннің өзінде Алматы Қазақстандағы бизнес-қызметтер, сауда, IT, креативті индустриялар және жоғары білім беру салаларының орталығы, сондай-ақ елге шетелдік қонақтардың жартысынан көбін тартатын маңызды туристік хаб болып табылады.
Алатау осы серпінді дамып келе жатқан агломерацияның құрамында орналасып, өңірдің әлеуетін арттыра отырып, «Жаңа Жібек жолы» бойындағы жаңа өсім орталығына айналады.
Қаланың дамуының негізі - төрт заманауи тақырыптық аудан. Әр аудан өз саласында инновациялар мен дамудың орталығына айналады.
Ауданның географиясы:
Green District Қонаев қаласының оңтүстігінде орналасқан. Оның шығыс шекарасы негізінен Қапшағай көлі мен Қаскелең өзені бойымен өтеді. Ауданның солтүстік бөлігі Қонаев қаласына іргелес, батысы теміржол желісімен шектеседі. Оңтүстік бөлігі әзірге игерілмеген аумақтарда салынып жатыр. Ауданның көлік желісіне "Алматы – Қонаев" трассасы, шығыс жағында жаңа жылдамдық автомагистралі және орталығындағы реттелетін қозғалыс магистралі кіреді. Green District "Алматы – Өскемен" теміржол желісімен байланысқан. Болашақта жоғары жылдамдықты теміржол желісі мен LRT іске қосу жоспарланып отыр.
Аудан туралы:
Green District-тің жоспарлануы Қапшағай көліне бағытталған, онда биіктігі 30 қабаттан асатын көпфункционалды кешен салынбақ. Бұл кешен ауданның белгісіне айналады. Жағалаудан басты жаяу жүргінші аллеясы диагональ бойымен өтеді, оның бойында мәдени, сауда, спорттық ойын-сауық және қонақ үй нысандары орналасады. Жағалау аймағында курорттар, ойын-сауық парктері, дайвинг және гольф клубтар ашылады.
Green District-те 5 сағаттық ұшу аймағында орналасқан елдерден туристер тарту және ойын индустриясын дамыту мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар Формула-1 тас жолын салу жоспарлануда.
Орталық аллеяның оңтүстігінде көлге қарайтын террасалық 2–12 қабатты тұрғын кварталдар орналасады, ал шығыс жағалауы бойында аз қабатты үйлер салынады. Ландшафтты су арналары мен карьерлерді байланыстыратын арналар толықтырады, бұл демалыс пен туризм үшін әдемі аймақтардың пайда болуына алып келеді. Ауданның солтүстік жағалауында қалалық жағажайлар салу жоспарланған.


Ауданның географиясы:
Growing District стратегиялық маңызы бар «Алматы – Қапшағай» автожолының тоғысындағы және жоспарланып отырған «Жетіген – Қазыбек би» теміржол желісінің кеңейтілетін нүктесіне жақын орналасқан, әуежайға іргелес жатыр. Аудан Алатауды «Хоргос» арнайы экономикалық аймағымен байланыстырып, Орталық Азия мен Еуропа бағытында көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Бұл өнеркәсіп пен экспортқа бағытталған логистиканы дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.
Аудан аумағынан Каскелен және Малая Алматинка өзендері ағып өтеді, олар болашақта қалалық саябақтармен біріктіріледі.
Аудан туралы:
Growing District аумағында қоршаған ортаны ластамайтын, экологиялық талаптарға сай келетін заманауи кәсіпорындар бой көтереді. Аудан Алматы агломерация үшін экономикалық өсімді және жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз ететін негізгі экспорттық логистикалық хабқа айналады.
Мұнда кәсіби-техникалық білім беру институтын құру жоспарлануда, бұл өндірістік саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Тұрғын аудандар өзен бойымен орналасқан және 2–12 қабатты үйлер мен жақын жерде орналасқан әлеуметтік нысандардан тұрады. Тұрғындардың жайлылығы үшін мәдени, сауда және спорттық нысандарды қамтитын полицентрлер қолжетімді қашықтықта орналасатын болады.


Ауданның географиясы:
Golden District негізгі «Алматы – Қонаев» автомагистралі бойымен созылады. Ауданның шығысынан оңтүстігіне қарай Шағын Алматинка өзені ағып өтеді, ал батыс шекарасы ретінде Каскелен өзені белгіленген.
Ландшафт ерекшеліктерін ескере отырып, ауданда жасыл аймақтарды біріктіретін сызықты саябақ салу жоспарланған. Дискриктың осы аумағында орташа қабатты (4-5 қабат) тұрғын үйлер салынады. Қаланың негізгі осіне жақындаған сайын ғимараттардың биіктігі 9-12 қабатқа дейін көтеріледі.
Аудан туралы:
Golden District жоспарлауы полицентрлік сипатта болады.
Ауданның оңтүстік бөлігінде ыңғайлы жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары, скверлер, саябақтар және көрініс алаңдары желісімен Халықаралық білім беру, денсаулық сақтау және спорт орталығы орналасады.
Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көршілес елдерден 40 мыңға жуық студентті тартуға арналған Академиялық қалашық құрылады. Академи]лық қаланың шығысында қоғамдық және серуендеу алаңдары бар археология тарихының мұражайы пайда болады.
Көпсалалы медициналық кластер халықаралық ынтымақтастық пен қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына негізделген қолжетімді және сапалы медициналық көмек көрсету орталығына айналады.
Сондай-ақ, АGolden District логистикалық қызметтердің толық спектрін ұсынатын агроөнеркәсіптік және логистикалық хаб құрылады.


Ауданның географиясы:
Gate District-тің оңтүстік бөлігі Алматы қаласымен шектеседі.
Аудан аумағын БАКАД, «Алматы – Қонаев» және «Хоргос» бағытындағы тас жолдар кесіп өтеді.
Табиғи ландшафтты Карасу-Турксид және Ынтымақ арналары мен Есентай өзені қалыптастырады.
Аудан туралы:
Алатаудың Бас даму жоспарына сәйкес, экономика өсімінің негізгі факторларының бірі Gate District-тің қақ ортасында орналасқан Халықаралық кәсіпкерлікті дамыту орталығы болмақ.
Алматы – жаңа заманауи бизнес алаңдарын салуға сұраныс тудыратын Орталық Азияның қуатты қаржылық «ядросы». Халықаралық бизнес-даму орталығы түрлі кеңселерді, бизнес-отельдерді және бөлшек сауда нысандарын орналастыру үшін мүмкіндік береді.
БАКАД тас жолына және жоспарланған LRT станциясына жақын орналасқандықтан, Алатаудағы қаржы мекемелері үшін тартымды таңдау болмақ. Бұл өз кезегінде ауданның өңірдегі экономикалық маңызын арттырады.
