Шрифт өлшемі:

Сингапур форумы

2025 жылдың 15-16 мамырында Сингапурде өткен Халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық конференциясында Alatau City жобасы таныстырылды. Ауқымды екі күндік іс-шара 400-ден астам компания өкілінің басын қосып, индустрияның болашағы мен жаңа қалалық жобаларды талқылаудың маңызды алаңына айналды.
16.05.2025

Alatau City жаңа буын жобасы ретінде ұсынылды. Ол қазірдің өзінде Қазақстанның құрылыс алаңында іске асырылуда және бүкіл әлемнің инвестицияларын, технологиялары мен таланттарын біріктіретін тұрақты және ашық экожүйені құруды мақсат етіп отыр. 

Форум аясында Alatau City-ге арналған жеке көрме стенді дайындалып, жобаға арнайы презентация жасалды. 

Caspian Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы, Alatau City-дің ірі девелопері Юрий Цхай: «Alatau City жобасы – заманауи, тұрақты әрі тартымды қаланы қалыптастыруға арналған мұқият ойластырылған стратегия. Біз жай ғана мегаполис емес, әлемнің түкпір-түкпірінен үздік ойлар мен капиталды тартатын үйлесімді экожүйе құруға ұмтыламыз», – деп атап өтті.

Alatau City жобасының жобалау және құрылыс жөніндегі бас кеңесшісі Вонг Хэн Файн форум қатысушыларының назарын қазірдің өзінде қол жеткізілген нәтижелерге аудартты. 

«Alatau City – бұл жай ғана концепция емес. Бұл – құрылыс алаңы. Инвестициялар тартылды және бізде қазірдің өзінде ірі халықаралық серіктес бар, ол – KPMG Korea. Біз онымен индустриялық аймақты жобалау мен жоспарлау, сондай-ақ Give and take стратегиясы бойынша халықаралық инвесторларды тарту бағытында бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Бұл – жай ғана ниет туралы декларациялар емес. Бұл – капитал қозғалысы мен құрылыс, яғни ортаның тек жобаланған емес, қазірдің өзінде іске аса бастағанын көрсететін нақты қадамдар», – деп атап өтті ол. 

Форум қорытындысы бойынша Қытайдың электронды машина жасау және электронды өнімдерді и импорттау мен экспорттау жөніндегі сауда палатасымен (СССМЕ) келісім жасалды. Құжат қытай кәсіпорындарының қаланы дамытуға қатысуы мен кеңес беруін көздейді. Сондай-ақ өңірлік серіктестермен, соның ішінде сингапурлық қаржылық холдинг DBS Bank-пен де келіссөздер жүргізілді.

 

Соңғы жаңалықтар