Шрифт өлшемі:

K-Park іргетасының қалануы. AI-4room Халықаралық бизнес-форумы

2025 жылдың қыркүйегінде Alatau City-де жаңа қаланың даму бағытын айқындаған екі маңызды оқиға өтті: K-Park мәдени іскерлік орталығының алғашқы кірпішінің қалануы және AI-4room халықаралық бизнес-форумы. Бұл шаралар жобаның тек символдық бастамасы ғана емес, мемлекет, бизнес және халықаралық серіктестер қатысқан оның болашағы туралы диалогтың да ашылуы болды.
30.09.2025

K-Park іргетасының қалануы

2025 жылғы 12 қыркүйекте Alatau City-де K-Park мәдени-іскерлік орталығы мен Корей мәдениеті тақырыптық паркінің алғашқы тасын қалау рәсімі өтті. Бұл қаланың дамуының символдық бастамасын белгілеген алғашқы инвестициялық жоба.

K-Park тарих пен қазіргі заман табиғатымен үйлесетін кеңістік ретінде ойластырылған. Кешен Golden District – медицина, білім беру, мәдениет және шығармашылық индустрия ауданында бой көтереді. Жобаның сәулеті табиғи ландшафтпен үндесіп, дала төсінде оазис әсерін береді.

Көгалдандырудың жалпы ауданы 40 мың шаршы метрге жетеді – бұл Алматы облысындағы барлық саябақтарының қазіргі аумағының шамамен 20%-на тең.

K-Park құрамына енетін нысандар:

• Алғыс монументі, өнер нысандары, этномәдени аймақтары және мұражайы бар тақырыптық саябақ;

• Қазақстан кәрістері қауымдастығының кеңсесі, конференц-зал, кітапхана, көрме залдары бар мәдени-іскерлік орталық;

• 5 000 орындық амфитеатр, келушілер орталығы, спорт және балалар алаңдары, дәмхана және Қазақстандағы алғашқы интерактивті AI мұражайы.

Жобаның бастамашысы – Қазақстан кәрістері қауымдастығы. Саябақтың құрылысы елдегі 2027 жылы тойланатын кәрістердің қоныстанғанына 90 жыл толуына орайластырылған.

K-Park Alatau City тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа тартымды орынға айналып, қоғамдық және іскерлік бастамалардың орталығы әрі мәдени мұра мен тарихты қазіргі дамудың драйверіне айналдырудың жарқын үлгісіне айналады.

AI-4room Халықаралық бизнес-форумы

2025 жылғы 13 қыркүйегінде Алматыда Қазақстан кәрістері қауымдастығының Іскерлік клубы ұйымдастырған AI-4room (Almaty International Forum) халықаралық бизнес-форумы өтті. Шара Клубтың 10 жылдығы және Қауымдастықтың 35 жылдығына арналды.

Іс-шараға Қазақстан, Корея, Жапония, Қытай, Филиппин, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдерден кәсіпкерлер мен сарапшылар жиналды. Талқылаудың басты тақырыбы – жаңа Alatau City қаласының және K-Park мәдени-бизнес орталығының даму болашағы болды.

Форумда жобаның ауқымына ерекше назар аударылды: қаланың ауданы - 880 шаршы метр – 700-ге жуық футбол алаңы және бұл кеңістіктің барлығы жаңа технологияларға, инвестицияларға және идеяларға арналған. Қатысушылардың ойынша, Alatau City ел экономикасын трансформациялап, инновациялар платформасына айнала алады.

Талқыланған негізгі бағыттар:

- жылжымайтын мүлік пен адамның қажеттіліктері төңірегінде экожүйе құру;

- болашақ қалалық мобильділікті дамыту (Urban Air Mobility, Low Altitude Economy);
- «жасыл» технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу;
- қаланың ерекше мәртебесін платформалық бизнесті жүзеге асыруға пайдалану.

Форум билік, халықаралық инвесторлар, бизнес-қоғамдастық және сарапшылар арасындағы диалог алаңына айналды. Жақын уақытта жарияланатын Alatau City-дің нақты жобалары талқыланды.

 

Соңғы жаңалықтар