«Alatau City: The Future is Now» панельдік сессиясы

29 мамырда Astana International Forum аясында Қазақстандағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Алатау қаласына арналған «Alatau City: The Future is Now» панельдік сессиясы өтті. Шара қаланы дамыту тұжырымдамасы, оның құқықтық және инвестициялық тетіктері, сондай-ақ жаңа урбанистикалық үлгіні қалыптастырудағы инновациялар мен технологиялардың рөлі талқыланған маңызды пікірталас алаңы болды.
Іс-шара спикерлердің сөз сөйлеуі мен аудитория сұрақтарына жауап беруін қамтитын ашық форматта өтті. Жұмыс тілі – қазақ және орыс тілдеріне ілеспе аудармасы бар ағылшын тілі.
Панельдік сессияға қатысушылар ретінде инвестициялық қауымдастықтың өкілдері, девелоперлік компаниялар, урбанистика саласындағы сарапшылар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ Сингапур, Оңтүстік Корея және АҚШ-тың халықаралық қала дамыту мамандары шақырылды.
Пікірталастың негізгі тақырыптары
Қатысушылар Alatau City әлеуетін Қазақстан мен аймақ үшін жаңа өсу нүктесі ретінде қарастырды:
• халықаралық капиталды тарту үшін қалаға ерекше құқықтық мәртебе беру;
• жаһандық компаниялар үшін қолайлы инвестициялық ортаны қалыптастыру;
• PropTech, LAE және UAM технологияларын қалалық инфрақұрылымға енгізу;
• цифрлық құралдарды пайдалану және тендерлердегі блокчейн механизмдерін қоса алғанда, финтех-шешімдерді дамыту;
• Alatau City-ді талантты жастар мен инновациялық бизнес үшін тартымды білім беру, туристік және сауда торабы ретінде қалыптастыру.
Негізгі баяндамалар
- Қанат Бозымбаев, ҚР премьер-Министрінің орынбасары – панельдік сессияның арнайы қонағы
Қаланың ерекше мәртебесінің, визасыз режимнің және Оңтүстік-Шығыс Азия инвесторларымен тікелей жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Alatau City аумағында жалпы құны 2 млрд АҚШ долларынан асатын 36 инвестициялық жоба іске асырылып, 20 мың жұмыс орны құрылуда.
- Вонг Хэн Файн (Wong Heang Fine), Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы, Alatau City қаласын жобалау мен салудың бас кеңесшісі (Сингапур)
Өз сөзінде ол Alatau City дәстүрлі АЭА шеңберінен шығып, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті экожүйеге айналуы тиіс екенін атап өтті.
- Жаслан Мәдиев, ҚР цифрлық даму министрі
Alatau City мемлекеттік мегаполис ретінде емес, инвесторларға арналған қала ретінде құрылып жатқанын, онда озық реттеушілік және технологиялық шешімдер енгізілетінін атап өтті. Alatau City Қазақстандағы алғашқы «криптосити» болмақ.
- Мун Пак (Moon Park), серіктес, цифрлық трансформация бағытының жетекшісі (KPMG Корея)
Технологиялық компанияларға кезең-кезеңімен ынталандыру шараларының қажеттілігіне назар аударып, пилотсыз таксилерден бастап жасанды интеллект платформаларына дейінгі инновациялық шешімдерді интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.
- Стефан Барал (Stephan Baral), Joby Aviation (АҚШ) корпоративтік даму жөніндегі директор
Қалалық инфрақұрылымға пилотсыз технологияларды интеграциялау тәжірибесімен бөлісті.
Қазақстан үшін маңызы
Панельдік пікірталас Alatau City жобасы Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар бастама екенін көрсетті – ол инвестициялар, инновациялар мен жаңа экономикалық мүмкіндіктерге арналған платформа ретінде қарастырылуда. Оның миссиясы жай ғана жаңа мегаполис құрудан асып түседі: бұл қала елдің трансформациясы мен халықаралық интеграциясының символына айналуы тиіс.