
Сандар мен фактілер
Алатау қаласы – Орталық Азия мен Кавказдан Ресейдің шығыс бөлігіне дейін созылып жатқан ауқымды өңірдің негізгі экономикалық орталығы Алматының өсу тарихындағы жаңа кезең. Бұл – аймақтық көшбасшының экономикалық құрылымына тығыз интеграцияланған мүмкіндіктер мекені. Жас қала табысқа жетуде барлық мүмкіндікке ие, өйткені Алматы мен Алматылық агломерацияның қарқынды дамуын сипаттайтын жақсы көрсеткіштер бар.
Демографиялық тығыздық
Алматыда 2,3 миллион адам тұрады, ал Алматы облысымен қосқанда халықтың жалпы саны – 3,8 миллион.
Экономикалық көрсеткіштер
Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) – 60 миллиард доллар, облыспен бірге – 73 миллиард долларға тең. Алматы қаласының жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 26,4 мың доллар, бұл Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне сәйкес келеді.
Салалық көшбасшылық
Алматы республиканың негізгі секторларында жалпы қосылған құнның едәуір бөлігін шоғырландырады: қаржы (58%), ақпарат және байланыс (54%), кәсіби қызметтер (40%). Сонымен қатар, қала көтерме және бөлшек сауда нарығының 30–40%-ын қамтитын сауда орталығы болып табылады.
Туристік орталық
Сарапшылардың бағалауынша, Алматының курорттық аймақтарына барлық туристердің 64%-ы келеді. Шетелдік туристердің шамамен 53%-ы Алматы қаласына ат басын бұрады. Өңірде Іле-Алатау ұлттық паркі (таулар), «Алтын Емел» ұлттық паркі (құмдар мен жасыл дала), Шымбұлак" тау шаңғы курорты, "Медеу" биік таулы спорт кешені, Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы бар және қаланың өзінде көптеген көрікті орындар орналасқан.
IT және креативті қызметтер орталығы
Бағдарламалау саласында (республика бойынша 58%) және кино мен музыка өндірісінде (57%) көш бастап тұр.
Жоғары білім беру орталығы
Қазақстандық студенттердің 42%-ы Алматы қаласында білім алады.
Қосалқы қызметтер орталығы
Бұл сала республика бойынша жалпы қосылған құнның 51%-ын құрайды.
Динамикалық тұрғыда дамып келе жатырған Алматылық агломерацияның ықпалымен Алатау қаласы халық санының қарқынды өсу әлеуетін көрсетуде: 2050 жылға қарай мұнда 1,9 миллион адам тұруы мүмкін, ал Алматымен бірге халықтың жалпы саны 5 миллионға жетеді.
Сондай-ақ, 2050 жылға қарай Алатау қаласындағы тұрғын үй қорының көлемі 55 800 мың шаршы метрге жетеді деп күтілуде, яғни әр тұрғынға 30 шаршы метрден келеді.
Алатау қаласының өнеркәсіптік аумағының жалпы көлемі – 4190 гектар болады.