Шрифт өлшемі:

Alatau City Authority (АСА) мемлекеттік қорының басшысы тағайындалды

Alatau City Authority мемлекеттік қорының бас атқарушы директоры (CEO) болып Алишер Абдықадыров тағайындалды.
05.12.2025

Оның мемлекеттік басқару, инвестициялық саясат және өңірлік даму салаларында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Әр жылдары Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Ұлттық экономика вице-министрі және Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Еске сала кетейік, Alatau City Authority мемлекеттік қоры 2025 жылы қыркүйекте Мемлекет басшысының «Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес құрылған. Қор – «озық даму қаласы» арнайы мәртебесі берілген жаңа қаланы басқарудың негізгі институты.

Alatau City Authority-дің міндеттеріне қала құрылысы және инвестициялық жобаларды үйлестіру, жеке және халықаралық инвесторларды тарту, заманауи технологиялық стандарттарды және қалалық басқарудың халықаралық тәжірибесін енгізу, сондай-ақ арнайы құқықтық режим аясындағы қаланың жұмысын қамтамасыз ету кіреді.

Қорды басқарудың ең жоғары органы – Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар