Alatau City-де K-Park жобасының алғашқы тасы қаланды

Салтанатты рәсімде құттықтау сөз сөйлегендер:
- Қазақстандағы корейлер қауымдастығының төрағасы Юрий Цхай;
- Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев;
- Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов
- Корея Республикасы Елшілігінің Алматыдағы Бас консулы Ха Тэ Ук
- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты Вера Ким
- Шетелдік корейлер істері жөніндегі агенттіктің Департаменті директорының орынбасары Квак Самджу
- Алматы облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Тұрымбетов
- «Be Woman Asia» негізін қалаушы Жанна Кан
K-PARK – тарих және заманауи өмір табиғатпен үйлесім тапқан кеңістік ретінде ойластырылған.
Бұл орын жайдан жай таңдалған жоқ. K-PARK Golden District – білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен креатив индустриялар шоғырланған ауданның жүрегінде орналасады. Концепция табиғатпен үйлесім идеясына негізделген: сәулет өнері ландшафтпен «ұштасып», дала төрінде оазис әсерін қалыптастырады.
Көгалдандырудың жалпы аумағы 40 мың шаршы метрге жетеді – бұл Алматы облысындағы барлық саябақтардың қазіргі аумағының шамамен 20%-ына тең.
K-PARK мына нысандарды біріктіреді:
-
алғыс монументі, арт-нысандар, этномәдени аймақтар мен мұражайы бар тақырыптық парк;
-
Қазақстан корейлері қауымдастығының кеңсесі, конференц-зал, кітапхана және көрме залдары орналасатын мәдени-бизнес орталық;
-
5 000 орындық амфитеатрды, визит-орталықты, спорт және балалар алаңдарын, кафе мен интерактивті ЖИ-мұражайды қамтитын ойын-сауық инфрақұрылымы.
Жоба Қазақстан корейлері қауымдастығының бастамасымен қолға алынып, 2027 жылы аталып өтетін корейлердің Қазақстанда қоныстанғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылуда. Авторлар қазақтар мен корейлерді терең тарихи-мәдени тамырлар байланыстыратынын ерекше атап өтеді. Қазақ халқының қонақжайлылығы мен рухани жомарттығының арқасында корейлер өздерінің бірегейлігін сақтай отырып, Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігіне айналды.
K-PARK Алатау Ситидегі жаңа тартымды орынға, қоғамдық және бизнес бастамалар кеңістігі болады деп күтілуде. Бұл жоба тарих пен мәдениет дамуының қозғаушы күшіне айналатынының айқын үлгісі.