Шрифт өлшемі:

Alatau City қаласында eVTOL әуе такси жүйесі іске қосылады

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, америкалық Joby Aviation, Inc. компаниясы, Alatau Advance Air Group Ltd. және кәсіпкер Вячеслав Ким сомасы 250 миллион долларды құрайтын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат Alatau City аумағында қалалық әуе мобильдігі жүйесін (Urban Air Mobility) дамыту үшін электрлі eVTOL ұшақтарын жеткізуге бағытталған.
07.11.2025

Жоба Alatau City мен Алматының көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналатын тік ұшып-қонатын инновациялық ұшу аппараттарын енгізуді көздейді.

Қазақстан инновациялық көлік саласының болашағына қадам басуда. Электрлі eVTOL ұшақтарын сатып алу - смарт қалаларды дамыту мен озық технологияларды енгізудегі маңызды кезең. Бұл бастама Alatau City қаласының заманауи технологияға ие бірегей қала ретінде дамуына ықпал етеді», - деді Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-премьер-министрі Жаслан Мадиев.

Бірінші кезеңде сертификаттау және демонстрациялық ұшуды өткізуге арналған сынақ алаңын құру жоспарлануда. Бұл алаң болашақта әуе таксиінің коммерциялық қызметін іске қосудың негізі болады.

«Біз Қазақстанда жаңа нарыққа шығудың тексерістен өткен стратегиясын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ретте біз коммерциялық қызметті жылдам іске қосу үшін үкіметпен және жергілікті стратегиялық әріптестермен біріге жұмыс істейміз», - деді Joby компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры ДжоБен Биверт.

Оның айтуынша, Қазақстан заманауи әуе мобильдігі саласында жетекші орталыққа айналып, Joby компаниясының Орталық Азиядағы қызметін кеңейтетін алаңға айналуынкөздейді.

«Біздің мақсатымыз - Қазақстанда қалалық әуе мобильдігі тұжырымдамасын жүзеге асыру. Бұл бастама жаңа смарт қала Alatau City мен Алматы мегаполисінен бастау алады. 

Сонымен қатар біз аймақтағы eVTOL ұшақтарының алғашқы тапсырыс берушісі болуды, кешенді сынақ алаңын мен жерүсті инфрақұрылымын құруды, сондай-ақ қауіпсіз және тұрақты әуе қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған сенімді нормативтік базаны әзірлеу ісінде Қазақстан Үкіметін қолдауды көздейміз», — деді Alatau Advance Air Group Ltd. компаниясының бас директоры Сергей Хегай.

Еске сала кетсек, бұған дейін Alatau City Bank-тің жалғыз акционері және Alatau City дамыту кеңесінің мүшесі Вячеслав Ким барлық негізгі жобалар жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылатынын мәлімдеген болатын. Urban Air Mobility жобасына шамамен 400 миллион АҚШ доллары бөлінеді. Бұл қаражат әуе көліктерін сатып алуға, сынақ алаңын құруға, инфрақұрылымды дамытуға және әуе таксиін қалалық ортаға енгізуге арналған нормативтік базаны дайындауға бағытталмақ.

Компаниялар туралы:

Joby Aviation, Inc. - Калифорния штатында орналасқан көлік компаниясы, толықтай электрлі тік ұшып-қонатын әуе таксиін әзірлеумен айналысады. eVTOL авиациясы саласындағы әлемдік көшбасшы.

Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) - Астана халықаралық қаржы орталығында (AIFC) тіркелген жеке компания. Негізгі қызмет бағыты - Қазақстанда озық әуе мобильдігі (Advanced Air Mobility) технологияларын дамыту және енгізу. Компанияның басты мақсаты Алатау City мен Алматы қалаларында заманауи әуе көлік инфрақұрылымын қалыптастыру. 

 

Соңғы жаңалықтар