Шрифт өлшемі:

Alatau City жобасы Кувейттік ең ірі банкке таныстырылды

Alatau City жобасы Қазақстанның Кувейттегі Елшісі Ержан Елекеев пен Исам Әл-Сагер арасындағы келіссөздердің басты тақырыптарының біріне айналды.
06.05.2026

Alatau City озық даму аймағы болып қалыптасып жатқан, заманауи инфрақұрылымы дамыған жаңа буынның цифрлық қаласы ретінде таныстырылды. Жоба қазірдің өзінде Азия мен АҚШ инвесторларының назарын аударды.

Кувейт бизнесі дәстүрлі түрде жылжымайтын мүлік пен заманауи құрылыс саласындағы жобаларға аса қызығушылық танытып отыр. Осыны, сондай-ақ елдің қалалық инфрақұрылымды дамытудағы мол тәжірибесін ескере отырып, қазақстандық тарап Парсы шығанағы елдерінен инвесторларды Қазақстандағы осы ауқымды жобаны іске асыруға қатысуға шақырды.

Өз кезегінде, активтері 140 млрд АҚШ долларынан асатын Таяу Шығыстағы жетекші қаржы институттарының бірі National Bank of Kuwait өкілдері серіктестікке қызығушылық білдіріп, Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қарастыруға дайын екендіктерін білдірді.  

Кувейттік инвесторлар Alatau City жобасымен және бизнеске арналған мүмкіндіктерімен 2026 жылдың күзінде толығырақ таныса алады. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтің Кувейт Мемлекетіне жұмыс сапары жоспарланған. Сапар аясында Alatau City жобасы таныстырылып, инвесторлардың жобаға қатысу бағыттары талқыланады.

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

 

Соңғы жаңалықтар