Шрифт өлшемі:

Мемлекет басшысы Алатау қаласы туралы Конституциялық заңға қол қойды

Жаңа құжат қалаға ерекше құқықтық мәртебе беріп, оны инновациялық әрі инвестициялық орталық ретінде жедел дамытуға жағдай жасайды.
08.05.2026

2026 жылдың 8 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. 

Заңның негізгі мақсаты - бизнес жүргізуге, инвестициялар тартуға және экономикалық дамуға қолайлы жағдай жасайтын дербес экожүйе қалыптастыру. Осы мақсатта кәсіпкерлік, кеден ісі, цифрлық активтер, ойын бизнесі, қаржы нарығы, сәулет, экология, мәдениет және спорт салаларын қамтитын қаланы мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі енгізілді.

Заң сонымен қатар «Алатау резиденті» мәртебесін бекітті. Бұл мәртебені қала әкімшілігі жеке және заңды тұлғаларға бірнеше санат бойынша береді. Соған байланысты қолданылатын жеңілдіктер көлемі, сондай-ақ резиденттердің құқықтары мен міндеттері айқындалады. 

Қала дамуының стратегиялық негізін үш негізгі құжат құрайды: ұзақ мерзімді даму жоспары, мастер-жоспар және Алатауды дамыту стратегиясы.

Цифрландыру бағыты бойынша заңда қалалық кеңістікті басқарудың бірыңғай платформасын құру қарастырылған. Ол инфрақұрылым мен қоғамдық қауіпсіздік жүйелері туралы деректерді біріктіреді.

Сонымен қатар, құжат инвестициялық ахуалды және инвесторларға берілетін кепілдіктерді, салық-бюджет саясатын, жер қатынастарын және қаланың дизайн-кодын реттейді. 

 

Дереккөз: Aqorda.kz

 

Соңғы жаңалықтар