Қазақстан Президенті Alatau City қаласын дамытудың негізгі қадамдарын айқындады

Мемлекет басшысы Alatau City-дің іскерлік белсенділік пен инновациялар орталығына айналатындығын атап өтті. Жобаның практикалық кезеңі бастау алды, яғни алғашқы жоспарлау жұмыстары аяқталып, негізгі инфрақұрылымдық желілер іске қосылды.
Арнайы мәртебе және құқықтық база
Алдағы 10 күннің ішінде Үкіметке тікелей бағынатын Алатау қаласына арнайы мәртебе беру жөніндегі Жарлық жобасы дайындалады. Сондай-ақ жарты жылдан кешіктірмей басқару ережелері, қаржылық моделі және дамудың өзге де негізгі тұстарын анықтайтын бөлек заң қабылдану қажет.
“Арнайы құқықтық мәртебе бұл артықшылық емес, бұл тек қаланың дамуы құжат күйінде қалып қалмауы үшін қажетті шара немесе құрал”, - деп атап өтті Президент.
Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар
Президент жуырдағы Қытайға сапары кезінде халықаралық көшбасшы компаниялармен миллиардтық келісімдерге қол қойылғандығы туралы айтты.
Көшбасшы компаниялар тарапынан танытылған қызығушылық Alatau City жобасының инвестициялық тартымды екендігін дәлелдейді. Бұл жоба тек қана жеке инвесторлардың қаржысына салынып жатыр. Қазіргі таңда жоба Surbana Jurong, KPMG Korea және Alatau City Bank секілді серіктес компаниялардың басын біріктірді. Alatau City қаласының құрылысына Оңтүстік Корея, Сингапур және АҚШ елдері аса қызығушылық танытуда.
Өңірдегі алғашқы цифрлық қала
Alatau City Орталық Азиядағы толықтай цифрландырылған алғашқы қала болуы тиіс, яғни бұл аймақта smart-қызметтер, инфрақұрылымды басқару және криптовалюта енгізіледі.
Мемлекет басшының сөзіне сәйкес Alatau City қаласы инновацияларға, инвестицияларға және жаңа идеяларға ашық болашақ Қазақстанның символына айналады.
Жолдау аясында
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында тек Алатау қаласы туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттің даму бағыттарына да тоқталды. Олардың ішінде инвестиция тарту, цифровизация, технологиялық бизнесті қолдау мәселелері де бар. Дегенмен бұл бағыттар Alatau City қаласында да дамитын болады және заманауи инфрақұрылым мен жаңа экономикалық мүмкіндіктердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
ҚР Президентінің 08.09.2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы