Шрифт өлшемі:

Alatau City жобасын дамыту бойынша ресми ақпарат көздері туралы

«Alatau City Authority» мемлекеттік қоры (бұдан әрі – АСА) Алатау қаласының әкімдігімен бірлесіп, Alatau City жобасын дамытуға қатысты барлық өзекті ақпарат, оның ішінде ресми іс-шаралар, форумдар, көрмелер және инвесторларға арналған келіссөз алаңдары туралы мәліметтер тек АСА мен Алатау қаласы әкімдігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланатынын хабарлайды.
08.05.2026

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі №1015 «Алатау қаласын дамыту мәселелері туралы» Жарлығына және «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, АСА инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді және инвесторлармен өзара іс-қимылды үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып табылады.

Құрылыс жобаларын іске асыруға, инвестициялар тартуға және мердігер ұйымдармен өзара әрекеттесуге қатысты барлық мәселелер белгіленген тәртіпке сәйкес және тікелей АСА-мен өзара байланыс арқылы ғана жүзеге асырылады. АСА өз қызметін ашықтық, айқындық және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау қағидаттарына негіздейді.
Осыған байланысты инвесторларды, кәсіпкерлерді, серіктестерді және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін сақ болуға, ақпараттың шынайылығын, сондай-ақ іс-шаралар мен оларды ұйымдастырушылардың ресми мәртебесін мұқият тексеруге шақырамыз.

Сонымен қатар, жоба аясындағы инвестициялар мен кәсіпкерлік қызмет мәселелерін реттейтін қажетті нормативтік-құқықтық база толық қалыптасқанға дейін, ықтимал қаржылық және беделдік тәуекелдердің алдын алу мақсатында осындай іс-шараларға қатысудан және қандай да бір жарналар енгізуден уақытша бас тартуды ұсынамыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда немесе қосымша ақпарат қажет болған кезде электрондық пошта арқылы хабарласуға кеңес береміз: info@alataucity.kz

Соңғы жаңалықтар